Тұздықсүме – Түркістан облысы Отырар ауданы Қожатоғай ауылдық округіндегі тұзды көл. Қожатоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км, Сырдарияның оң жағалаулық аңғарынан 9 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 2,4 км2, ұзындығы 4,0 км, ені 800 м. Көл теңіз деңгейінен 260 м биіктікте.
Жағалау сипаты Жағалауы сәл жарқабақты, ашық келген. Көлтабаны тегіс, құмайтты. Жаздың ыстық айларында көл құрғап қалады.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы