Шемонаиха — қала, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
Географиялық орны
Облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 120 км-дей жерде, Ертістің оң саласы – Үбі өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1992419127 18448 96,5 8969 8762 97,7 10158 9686 95,4
Тарихы Іргесі 1652–1666 жылдары қаланған. 1936 жылы кент мәртебесіне, 1961 жылы қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылға дейін Шемонаихада ұжымшар орталығы орналасты, одан кейін ұжымшар негізінде кеңшарлар құрылды. 1997 жылы кеңшарлар таратылып, орнына шаруа қожалықтары құрылды. Қалада, сондай-ақ құрылыс материалдар зауыты, астық қоймасы, аудан баспахана, геологиялық барлау партиясы, аудан тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, т.б. бар. Шемонаиха арқылы республикалық маңызы бар Өскемен–Змеиногорск (Ресей) автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы қалалары Санат:Шемонаиха ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері