Қажығали Мәмеков (туған-қайтыс болған жылы белгісіз) – қазақтан шыққан алғашқы фельдшерлердің бірі. Кронштадтағы әскери дәрігерлік мектепті үздік бітірген (1904). 1905 жылы Кронштад теңізшілерінің толқуына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, бірақ қылмысы дәлелденбеген соң, еліне фельдшер етіп жіберілген. 1916 жылы патша өкіметінің қазақтарды тылдың қара жұмысына алуына қарсылығы үшін тұтқынға алынып, Астрахан түрмесінде С.Меңдешевпен бірге отырған. 1919 жылы полк. Хлуденевтің отрядына әскери дәрігер болудан бас тартқаны үшін ату жазасына кесіліп, одан қашып құтылған. 1923 – 1924 жылдары бұрынғы Бөкей Ордасында білінген оба ауруының алдын алуда белсенді қызметі үшін РКФСР Денсаулық сақтау Халық Комиссариатынан алғыс алған. Сол жылы оба ауруымен күресу үшін Бозащыға келді. 1928 жылдары қазанда қылмысты жауапқа тартылып, үй-мүлкі тәркіленген. Бірақ Гурьев окугтік аткомының төрағасы Ж. Мыңбаевтың көмектесуінің нәтижесінде көршілес Орал өңіріне жер аударылып, аман қалады. Кесімді жылын өтеген соң Астрахан облысында еңбек еткен. Зираты Нарын құмында.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар