Алдамшы ракета — арнайы құрылымды ракета. Ол радиолокациялық станцияда әуе нысаналарын ұстау, табу үшін жалған радиолокациялық нысана ретінде, өздігінен бағытталудың радиолокациялық түмсығы бар зенитті ракеталар үшін қолданылады. Алдамшы ракетаға бұрыштык бейнелеуіштер немесе басқа үлгілердің енжар бейнелеуіштері орнатылады. Кейбір алдамшы ракетада радиохабар бергіштер немесе қабылдап, хабар бергіштер және бұрыштық бейнелегіштер қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Зымырандар