Аумалы салмақ (Критическая масса) — тізбекті ядролық жарылыс болуы мүмкін ядролық жарылғыш заттардың неғұрлым аз мөлшері. Аумалы салмақтың мөлшері үнемі бір көлемде болмайды, ол заряд нысанына, оның кұрамындағы заттардың тазалығына және бомбаның құрынымдық ерекшеліктеріне байланысты. Қолданғанға дейін ядролық бомба жарылып кетпес үшін, бомбадағы бөлінгіш заттар бірнеше бөліктерге болінеді, әр бөліктің салмағы аумалы салмақтан кіші (жеңіл) болуы керек.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс