Соғылма (Поковка) — тетіктердің өлшемдерін өдіпке, шақтамаға, кернемеге үлкейтіп соғу немесе көлемдік қалыптауды қолданып алатын бұйым.
Қосарланған соғылма (Поковка сдвоенная) — ығысу күшін болдырмау үшін қолданатын соғылма. Таза сорылма (Поковка чистовая) — беті әр түрлі ақаулардан тазартылған соғылма. Соғылма алынғышы (Съемник поковки) — далдашаны (перемычка) кескенде соғылманы сотаннан алуға қолданылатын жоғарғы, төменгі, қатаң және қозғалмалы болып бөлінетін құрылғы.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Соғылманы кермелейтін құралбiлiк (Оправка для вытяжки поковок) — ортасында тесігі бар дайындаманың сыртқы диаметрін ішірейтіп құбырға ұқсас соғылмаға айналдыратын қүрал. Соғылманы таза өңдеу(Отделка поковки) — соғылма түрінің бұрмалануын, бетінің бұдырлығын жою. Соғылманың дәлдiгi (Точность поковки) — соғылманың пішіні жөне өлшем жағынан таза тетікке жақын болуы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау