Тереңорпа – құмды алқап. Тереңорпа Оңтүстік Үстірттің Бесбұлақ асуында орналасқан. Асудан оңтүстікке қарай 9 км-ге, шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр. Құм ішінде бірнеше ойдым-ойдым тепсеңдер бар. Олардың маңында сексеуіл, жүзгін, т.б. бұталар қалың өскен. Құмның батысында құдық бар.«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; Дереккөздер