Жазықтықтың моделі - жазықтықты бір мәнді анықтайтын геометриялық элементтер мен олардың арасындағы қатынас. Монж эпюріндегі жазықтықтың моделі ретінде тектес сәйкестілік алынады. Тектес сәйкестілік бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктенің немесе нүкте мен осы нүкте арқылы өтпейтін түзудің, немесе параллель екі түзудің немесе қиылысатын екі түзудің фронталь және горизонталь (профиль) проекцияларымен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау