нобай|upright=2|Алғашқы тіл отбасылар картасы нобай|upright=2|Тіл отбасылары Әлем тілдері — жер шарын мекендейтін (немесе бұрын мекен еткен) халықтар тілдері. Олардың жалпы саны 2500-нан 5000-ға дейін. (Дәл санын анықтау мүмкін емес, себебі әр түрлі тілдер мен бір тілдің диалектілерінің арасындағы айырмашылық шартты түрде белгіленген). Аса кең тараған әлем тілдерінің қатарына (млн адам есебімен 1985 жылы мәлімет бойынша) кіретін тілдер: қытай (1 млрд-тан астам), ағылшын (420), хинди, оған жақын урду (320), испан (300), орыс (250), индонезия (170), араб (170), бенгал (170), португал (150), жапон (120), неміс (100), француз (100), пенджави (82), итальян (70), корей (65), телугу (63), маратхи (57), тамил (52), украин (45) тілдері. Бұл есепке оларда сөйлеушілермен бірге ұлтаралық, халыкаралық қарым-қатынас ретінде қолданушылар да кіреді. Барлық әлем тілдері туыстық қатынастарына қарай тілдік семьяларға бөлінеді. Олардың әр-қайсысы бір-біріне жақын диалектілер тобынан шыққан, көне замандарда бір тілдің диалектілері болған немесе бір тілдік одаққа кірген (қараңыз Генеалогиялық топтастыру).
Тіл семьяларының бір талайы тек жеке жер атаулары мен кірме элементтерде сақталған немесе із-түзсіз жоғалған деуге болады. Кейбір өте көне тілдерден сақталған ескерткіштердің (мысалы, криттегі иероглиф тілі) мағынасы ашылған жок. Кейбір өте көне мәдени тілдер (шумер, этрус) сонғы жылдарда бір қатар көрнекті зерттеулер барына карамастан, тілдердін генеалогиялық топтастырылуында әлі нақты орнын танқан жоқ. Америка, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Океаниядағы көптеген тілдер әлі түбегейлі зерттеліп топтастырылған жоқ. Сол себепті казіргі ғылым адамзаттілі тарихының көрінісің тым болжалды түрде ғана аныктап отыр деуге болады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Билингвизм Екі немесе одан да көп тілде сөйлейтін адамдардың саны үнемі өсіп келеді. Мысалы, соңғы зерттеулерде, (штаттардың бірінде - жартысынан көбі) үнді студенттерінің елеулі бөлігі ана тіліне қарағанда ағылшын тілінде жақсырақ сөйлейді.
Ең көп таралған тілдік отбасылар Үнді-Еуропа тілдері ~ 2,5 млрд қолданушылар, оның ішінде Үнді-Арий тілдері, герман тілдері және балтық-славян тілдері; Қытай-тибет тілдері ~ 1,2 млрд қолданушылар, оның ішінде негізгі қытай тілі; Орал-алтай тілдері (суботбасылардың құрылу деңгейі) ~ 500 млн қолданушылар, негізгі түркі тілдерін қоса алғанда.
Жаһандық маңызды тілдері Қазіргі заманғы халықаралық деп қарастыруға болатын тілдерThe triumph of English: A world empire by other means | The Economist (тілді меңгерген жалпы санының кему ретімен): Рангі Тілі Ана тілі Екінші Қолданушылардың жалпы саны 1 Қытай тіліChina — Wikipedia, the free encyclopedia 1,2 миллиард 300 миллионға дейін 1,5 миллиардқа дейін 2 Ағылшын тілі 500 миллион 1 миллиардқа дейін 1,5 миллиардқа дейін 3 Испан тіліEl español será la segunda lengua de comunicación internacional 425 миллион 125 миллионға дейін 550 миллионға дейін 4 Араб тіліL’arabe 300 миллион 120 миллионға дейін 420 миллионға дейін 5 Орыс тілі 160 миллион 100 миллионға дейін 260 миллионға дейін 6 Португал тіліEthnologue report for language code 230 миллион 30 миллионға дейін 260 миллионға дейін 7 Неміс тіліEthnologue: Statistical Summaries 120 миллион 80 миллионға дейін 200 миллионға дейін8 Француз тіліLa francophonie 75 миллион 195 миллионға дейін 270 миллионға дейін
Халықаралық тілдердің таралу картасы Картада әрбір халықаралық тілдің таралуы көрсетілген.
БҰҰ-ның ресми тілдері Ағылшын, араб тілі, испан тілі, қытай, орыс және француз тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері болып табыладыБҰҰ-ның ресми тілдері.
Тағы қараңыз Тіл жүйелеу Тілдерді генетикалық классификациялау
Дереккөздер
Сілтемелер Иванов В. В.
Санат:Лингвистика