Құрташы Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;– солтүстік Үстірттің Қайдаққа қараған бөлігі. Өтес темір жол станциясының батысында орналасқан. Үстірттің биік жерлерінің бірі саналады. оңтүстігін Өтес сайы, солтүстігін Өрмелі жолы көмкереді. Баурайында бірнеше жылымшы бұлақтары бар. Негізгі су көзі Құрташы атымен аталатын суы мол құдық. Сулы жылдары аузынан асып ағып жатады. Құдық жанынан шыңды бойлап өтетін байырғы көш жолы бар. Беткейінің бұл бөлігінің әуелгі атауы – Шөлтау. Құрташы сондағы үш биіктің құдыққа жақынын Құрташы деп атайды. Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Құрташы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.