Сарыкөл ауданы — Қостанай облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9. 1928 жылы құрылған. Орталығы — Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 116 шаршы километрді алып жатыр.
Географиялық орны Батысында Меңдіқара, Алтынсарин, оңтүстігінде Қарасу, солтүстігінде Ұзынкөл, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарымен шектеседі.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 21903 28894 46670 46733 39363 31087 24785 19377 Тұрғындар саны – 20 553 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 31,19%, орыстар – 40,64%, украиндар – 18,24%, немістер – 2,89%, беларустар – 2,85%, татарлар – 0,75%, молдовандар – 0,47%, башқұрттар – 0,47%, әзербайжандар – 0,45%, поляктар – 0,29%, чуваштар – 0,29%, удмурттар – 0,26%, басқа ұлт өкілдері – 1,21%.
Әкімшілік бөлінісі 23 елді мекен 6 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Барвинов ауылдық әкімдігі Барвиновка ауылы 1 1094 Большие Дубравы ауылдық әкімдігі Большие Дубравы ауылы 1 459 Веселоподол ауылдық округі Весёлый Подол ауылы 2 780 Златоуст ауылдық әкімдігі Златоуст ауылы 1 805 Комсомол ауылдық округі Комсомольское ауылы 4 874 Маяк ауылдық әкімдігі Маяк ауылы 1 661 Сарыкөл кенттік әкімдігі Сарыкөл кенті 1 8738 Севастополь ауылдық округі Севастополь ауылы 2 719 Сорочин ауылдық округі Сорочинка ауылы 5 1765 Тагиль ауылдық округі Тагильское ауылы 3 973 Тимирязев ауылдық әкімдігі Тимирязевка ауылы 1 813 Урожайный ауылдық әкімдігі Урожайное ауылы 1 375
Шаруашылығы Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады.
Әлеуметтік құрылымдары Аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім береді. Аудандық мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Балалар бақшаларында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.
Дереккөздер
Санат:Сарыкөл ауданы