Кесу позициясы (Отсечная позиция) — шабуылға шыккан қарсыласты қаптал жаққа жібермеу үшін жолын кесу мақсатында жабдықталады. Кесу позициясы алдын ала дайындалып, қорғану ұрыстары жүріп жатқанның өзінде ол жерге әскер орналастырылады. Қарсы шабуылға (қарсы соққыға) әзірленген 2-ші эшелонның (резервтің) жазылу шебі болып, 2-ші эшелонда резервте тұрған танк, мотоаткыштар бөлімшелерінің жаяу әскер ұрыс машиналарындағы бөлімшелердің ату шебі бола алады. Қарсыластың жолын кесу позициясын жасау атыс түбектерінін құрылуына себептеседі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс