«Шахтер» футбол клубы — Қарағанды қаласының қазақстандық кәсіби футбол клубы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2011, 2012), Қазақстан Кубогының (2013) және Қазақстан Суперкубогының иегері. Қазақстандық клубтардың арасында Еурокубоктардың топтық кезеңіне жолдама алған алғашқы команда.
Қарағанды қаласының Шахтер стадионы клубтың базасы болып табылады. Негізгі стадионы - сыйымдылығы 19000 болатын "Шахтер" Қарағанды стадионы, өлшемі 104 x 62 м.
Тарихы Шахтер клубы тарихы 1958 жылы КСРО чемпионатының "Б" класында өнер көрсетуінен басталады. Клуб жасы бойынша тек Қайратқа ғана жол береді.
1970-1973 жылдары Шахтер СКРО 1-ші лигасында, ал әрі қарай 2-ші лигасында өнер көрсетеді.
1962 жылы клуб КСРО жоғарғы лигасына жолдама алады, бірақ сол кездегі биліктің шешімімен ол лигада ойнай алмады. Тәуелсіз Қазақстан Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 19 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Қазақстан чемпионатында үш рет қола 1995, 2007 және 2009 жылдары жүлдегер атанады, ал 2011 және 2012 жылы чемпион атағын аладды. Екі рет 2009 және 2010 Қазақстан кубогында финалға жетіп шешуші сәтте жолы болмады.
Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 1992 — 9:2 («ЦСКА», Алматы)
Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1993 — 0:5 («Батыр», Екібастұз) 1994 — 0:5 («Аңсат», Павлодар) 2001 — 0:5 («Жеңіс», Астана) 2005 — 1:6 («Ертіс», Павлодар)
Құрамы 2019, мамыр №ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы1Абылайхан Дүйсен03.06.1994Қазақстан30Игорь Шацкий11.05.1989Қазақстан40Егор Цуприков27.05.1997Қазақстан№ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы3Евгений Ткачук27.06.1991Украина5Артём Барановский17.03.1990Украина19Евгений Тарасов16.04.1985Қазақстан23Біржан Кұлбеков22.04.1994Қазақстан29Нияз Шугаев04.09.1998Қазақстан55Руслан Әлімбаев02.03.1997Қазақстан84Антон Чичулин27.10.1984Қазақстан№Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы6Лукаш Дроппа22.04.1989Чехия7Геворг Наджарян06.01.1998Қазақстан10Еркебұлан Нұрғалиев12.09.1993Қазақстан18Лувагга Кизито20.12.1993Уганда21Дмитрий Бачек13.12.2000Қазақстан22Марат Шахметов06.02.1989Қазақстан24Руслан Тұтқышев18.02.1999Қазақстан27Темірлан Әділов08.06.1997Қазақстан72Сергей Скорых25.05.1984Қазақстан77Берік Шаихов20.02.1994Қазақстан88Доньет Шкодра30.04.1989Косово№ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы9Иван Пешич06.04.1992Хорватия11Сергей Зенёв20.04.1989Эстония17Оралхан Өміртаев16.07.1998Қазақстан70Жан Али Пайруз12.08.1999Қазақстан
Клуб атауларының тарихы
«Шахтер» (1958—1996) «Шахтер-Испат-Кармет» (1997—2004) «Шахтер» (2004—о.у)
Жетістіктері
Қазақстан дәуірі
Қазақстан чемпионы (2): 2011 2012 Қазақстанның қола жүлдегері (3): 1995, 2007, 2009, Қазақстан кубогы: 2013 Қазақстан кубогының финалисті (2): 2009, 2010, 2021
КСРО дәуірі
1-лига жеңімпазы: 1962 Екінші лига жеңімпазы: 1982, 1983
Сілтемелер Ресми сайты «Шахтер» стадионының ресми сайты Тарих, статистика, "Шахтер" ФК программалары Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Дереккөздер
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Қарағанды спорт клубтары Санат:Шахтер Қарағанды ФК Санат:1958 жылы құрылған футбол клубтары