Кулерлер — салқындату сөзінен. Коллинз коктейлінен әшекейлеу тәсілі басқаша. Құрамындағы компоненттерді ауыстыруға болады. Коллинз стақанына құйып лимон немесе апельсин спиралімен әшекейлейді. Спиралдің бір шеті стакан түбіне, ал екінші іжағы стақан қырына ілінеді. Стақанның 3/4 бөлігі мұз түйіршіктерімен толтырылады, үстіне шейкерде дайындалған қоспа құйылып, содан соң газды сумен сұйылтып, қасықпен араластырады да, түтікшемен беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер