Чал — түрікменнің сахаралық шөлдерінде табиғи түрде ашытылған түйе сүті. Түйенің жаңа сауылған жылы сүтін бұрынғыдан қалған чал қорымен араластырып күнделікті көбейтіп отырады. Басқа температуралық жағдайда чал өндіру өте күрделі биохимиялық процесс. Сондықтан чалды тек осы өңірде ғана дайындайды. Чал табиғи жағдайда 4 сағаттан соң ашиды, ал 6—8 сағаттан соң чалға қажетті барлық қасиетке ие болады. Осыдан соң оның сапасы төмендей бастайды, қышқылдығы артады, дәмі өткірленеді. Дәмін сақтау үшін дайын чалды 5°С температурада сақтау қажет.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Чал · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.