Нысанаға қолмен бағыттау (ручное сопровождение цели) — радиолокациялық, гидроакустикалык, жылу пеленгаторлык, т.б. станцияларда нысана координаттарын анықтау тәсілі. Мұнда оператор арнаулы индекстерді станция индикаторларынан бақыланған нысана козғалысының белгілерімен сәйкестендіреді. Нысанаға қолмен бағыттауда нысана координаттары индикаторлардан шығарылуы мүмкін немесе автоматты түрде есептеуші-шешуші қондырғыға не қорытынды индикаторға беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс