Жүсіп Жайлыбаев (1914, Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы – 1988) – ауыл шаруашылығы саласының маманы, соғыс ардагері.

1928 – 40 жылы Баутин портында жұмысшы, Ұлы Отан соғысында взвод командирі болған. 1945 – 53 жылы Шевченко ауданы кітапхананың меңгерушісі, кеме жөндеу зауытында кадр меңгерушісі, қалалық кеңестің төрағасы, 1953 – 58 жылы Киров ұжымшарының директоры, 1958 – 88 жылы Қызан, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде меңгеруші, Жетібай цехында моторист, бұрғылаушы, оператор болды.

Қызыл Ту, 3-дәрежелі Даңқ (1946), 1-дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен, «Ерлігі үшін», т.б. мерекелік медальдармен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар