Оперативтік-тактикалық бірлестік (оперативно-тактическое объединение) — қарулы күштердің бір түрінің арнайы әскерлері мен қызметтері, түрлі әскер түрлерінің құрамалары мен бөлімдері. Кейде ол оперативтік-тактикалық немесе жоғары тактикалық құрама деп те аталады. Оперативтік-стратегиялық, кейде оперативтік бірлестік құрамында оперативтік-тактикалық және тактикалық міндеттерді орындауға арналған. Әдетте, жалпы әскери (далалық) армияның немесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс армиясының, майданның (армиялар тобының), ал бейбіт уақытта әскери округтың құрамына кіреді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс