Тұран футбол клубы — Түркістан қаласындағы футбол клубы. 2003 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын 2021 жылдан бастап "Түркістан Аренада" өткізеді, сыйымдылығы 7000 адам.
Тарихы Маусымдар 2003 жылы "Қостүйін" деген атаумен бірінші лигаға қатысып, 20 ойынның бесеуінде жеңіске жетті де, бір кездесуді тең аяқтап, қалғандарында жеңіліп қалды.
2004 жылы "Арыс" деген атаумен ойнап, бірінші лиганың "Оңтүстік-Батыс" аймағында соңғы орында қалды.
2019 жылы команда қайта бас қосты да, Екінші лига мен Қазақстан кубогына қатысты. Кубок ойындарында алғашқы раундта төрт команданың ішінде үшінші орын алып, келесі сатыға шыға алмады.
2020 жылы Қазақстан бірінші лигасының оңтүстік аймағында екінші орын алды. 2021 жылы Премьер лига клубтарының саны 14-ке дейін көбейтіліп, клуб өз тарихында тұңғыш рет элитада ойнайтын болды.
2021 жылы атауы "Тұран" деп өзгертілді де, базасы Түркістанға көшірілді.
Атаулары Қостүйін (2003) Арыс (2004—2020) Тұран (2021—қазірге дейін)
Құрамы №ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы1Егор Хаткевич09.06.1988Беларусь27Мирас Мұхамбетжанұлы07.02.2003Қазақстан78Тимурбек Закиров01.03.1996Қазақстан№ Қорғаушылар2Одил Абдумажидов01.06.2001Өзбекстан5Ақкар Сатышев22.01.2003Қазақстан6Руслан Юденков06.02.1988Беларусь13Сағи Мәлікайдар06.09.2004Қазақстан28Аслудин Хаджиев24.10.2000Қазақстан44Йован Пайович28.08.1996Черногория71Василий Совпель23.03.1999Беларусь77Хуршидбек Мухторов09.02.1994Өзбекстан№ Жартылай қорғаушылар7Шахбоз Умаров09.03.1999Өзбекстан8Бехруз Аскаров08.03.2003Өзбекстан10Бауыржан Исламхан23.02.1993Қазақстан11Еркебұлан Тойбеков25.06.2002Қазақстан17Абинұр Нұрымбет26.04.2005Қазақстан18Тұрар Асанбек11.08.2005Қазақстан19Ерасыл Сарсенбай28.05.2006Қазақстан20Горан Милойко05.01.1994Черногория22Игорь Стасевич21.10.1985Беларусь24Қуаныш Дүйсенбекұлы14.08.2003Қазақстан№ Шабуылшылар9Абылайхан Жұмабек19.10.2001Қазақстан15Лука Згурский05.12.2005Ресей89Константин Дорофеев17.08.2005Ресей
Атақты ойыншылары Артем Белошапка Азат Нұрғалиев Таңат Нөсербаев Мардан Төлебек Ермек Қуантаев Олжас Керімжанов Тони Силва Максим Федин
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:2003 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Тұран Түркістан ФК