Желкенділер, Салтаттылар () — жәндіктер класының көбелектер отрядына жататын тұқымдас.
Дүние жүзінде 550, ал ТМД жерінде 35 түрі кездеседі. Қазақстанда тіршілік ететін көбелектердің ішіндегі ең әдемісі. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Іле-Балқаш бассейнінде шөптесін өсімдіктер арасында жиі кездеседі. Дернәсілі суда өсіп, дамитын пайдалы жәндіктер. Қанатының Ұзындығы 90 мм келеді. Қанаттары әр түрлі түсті өрнектермен кестеленген. Ересектерінің алдыңғы аяғы жақсы дамыған, онда екі тырнақшалары бар; артқы қанатының ішкі жағы оюлы. Көбелек жұлдызқұртының басында шанышқы тәріздес бездері бар. Бұлардан өздеріне тән иіс шығады. Қуыршағы бұршақталып келген, төсеміне басымен жоғары болын бекітіледі. Жетісу өңірінде кездесетін Аполлон, Махаон, Александр деген түрлері "Қызыл кітапқа" енгізілген.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Биологиялық сипаттамасы Желкеншелерге ашық рең мен өзгеше қанаттары көрік беріп тұрады, шетінде ғажайып ойықтары немесе ұзын бұрымшалары желбірейді. Үлкен қанаттарын қомдаған кезде расында,керілген желкенге ұқсап кетеді. Бұл тұқымдастың ең ірі және көрікті өкілдері жер шарының қоңыржай аймақтарына бауыр басқан, алайда қуыршақтары қысқы суыққа шыдас беретін көбелектер біздің елімізде де кездеседі.
Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібірдің оңтүстігіне дейінгі аумақта тіршілік ететін Арктикалық аполлон (Parnassius arcticus) да желкеншелерге жатады. Аполлондарды күр көзі әлсіз түсетін қарағай тоғайларынан ұшырастыра алмыз,өйткені осындағы құмды топырақта ғана жасаң(жасаңшөптер тұқымдасына жатады) жайқалып тұрады.Ол жұлдызқұрттар үшін таптырмас азық.Қатер төнгенде махаон жерге құлдилап,жауының көз алдына жеуге жарамсыздығын айғақтайтын қызыл таңбаларды тосады.Дұшпанын зәреқұтын одан сайын ұшыру үшін көбелек қанатының төменгі жағындағы үш аяғымен жантүршілерлік дыбыс шығарады.
Махаон - біздің көбелектеріміздің ішіндегі ең әдемісі. Кергенде 9 см-ге жететін оның қанаттарының бояуымен сары, қара және көк түстер керемет үйлеседі, артқы қанаты қызыл таңбамен және шағын шошақпен әдіптелген. Желкеншлердің жұлдызқұрттарының басына (бірінші кеуде буынында) шанышқы тәріздес без өсіп шығады. Жайбарақат жатқан кезде тартылып тұрса да, қауіп төнгенде ілгері қозғалып, жыртқышты өткір қолайсыз иісімен үркітіп жібереді. Махаон қиыр солтүстік аудандарды қоспағанда, Ресейдің барлық пұшпағын мекендейді. Тау бойында 3000 м биіктікте ұшып жүреді. Ит тұмсығы өтпейтін ну орман мен жайқалған шалғындар, бақтар мен саябақтар да олардың құтты қонысы. Бірақ қазір олар да көзден бұл-бұл ұшуда. Бұл көбелектердің аналықтары шатыргүл, зығыргүл, ерінгүлді, күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге жұмыртқа салады. Ана мейірі жұлдызқұрттар азықтан тарықпасын дегенге саяды.
Алкиной немесе Маак махаоны (Қиыр шығысты зерттеуші ресейлік ғалым Р.К.Маак құрметіне аталған) тек Амур аймағы мен Примор өлкесінде ғана кездеседі. Бұл Ресейдегі ең ірі көбелек: көк-жасыл түспен құбылған барқыт қанаттары кең жайғанда 12-15 см-ге жетеді. Ол әдемілігі жағынан тропикалық бір мысқал да кем түспейдіБалалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012. .
Классификациясы Тұқымдасқа 32 тегі и 570 түрі (2011 ж. желтоқсанында) енген, оның ішінде 4 қазба түрі.
Тұқымдаста келесі тұқым тармақтары бар: Baroniinae тұқым тармағы Baronia Parnassiinae тұқым тармағы Allancastria Archon Bhutanitis Hypermnestra Luehdorfia Parnassius Sericinus Papilioninae тұқым тармағы Atrophaneura Battus Chilasa Cressida Euryades Eurytides Graphium Iphiclides Lamproptera Losaria Meandrusa Mimoides Ornithoptera Pachliopta Papilio Parides Pharmacophagus Protesilaus Protographium Teinopalpus Trogonoptera Troides
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Papilionidae of Russia Papilionidae of the World Парусники (Papilionidae) на lepidoptera.ru
Санат:Қабыршақ қанаттылар Санат:Желкенділер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген жәндіктер