Әсия Бозайқызы Абылаева (4 қаңтар 1938, Лепсі ауылы, Сарқан ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР — 2015) — актриса, Қазақстанның халық әртісі (1990).
Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітірген (1961). С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы қазақ драма театрының белгілі актрисасы. Қарагөз (М.Әуезовтің "Қарагөзінде"), Баян, Ұлпан (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш — Баян сұлуында", "Ұлпанында"), Шұға (Б.Майлиннің "Шұғасында"), Анар (О.Бөкеевтің "Құлыным меніңінде"), Алтынай (Ш. Айтматовтың "Алғашқы мұғалімінде"), Таңқабике (М.Көрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Қыз (Назым Хикметтің "Елеусіз қалған есіл ерінде"), Катарина, Леди Макбет (Шекспирдің "Асауға — тұсауы" мен "Мақбетінде"), Медея (Еврипидтің "Медеясында") тұлғаларын сахнаға шығарды.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:КСРО актрисалары Санат:Қазақстан актрисалары Санат:XX ғасыр актрисалары Санат:XXI ғасыр актрисалары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері