Торғай футбол клубы — 2003-04 жылдары Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнаған футбол клубы. Арқалық қаласынан. 2004 жылдың соңында жабылып қалды.

Қазақстан чемпионатында 2003 жылы бірінші лигада 22 кездесуде 21 ұпай жинап (+6 =3 -14) 12 кмоанданың ішінде 9-шы орын алды. 2004 жылы да тоғызыншы орынға табан тіреді, бұл жолы 24 кездесуде 24 ұпай жинады. Қазақстан кубогында 2003 жылы Қазақстан кубогының 1/32 финалында Ақтаудың "Каспий" клубын 1:0 есебімен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды. 1/16 финалда Семейдің "Елім-ай" клубынан 2:6 есебімен ойсырай ұтылды.

2004 жылы 1/32 финалда "Есіл-Богатырь-2" (Петропавловск) клубынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Статистикасы Барлығы 49 кездесу өткізіп, 13-інде жеңіске жетті де, 9 матчта тең түсті.

Сілтемелер футболшылары

Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:2002 жылы құрылған футбол клубтары Санат:2004 жылы жабылған футбол клубтары