Қанабек — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Жолбарыс батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан оңтүстікке қарай 11 км-дей жерде, Түрксіб темір жолы бойында, Қаратал өзені аңғарындағы баялыш, жусан, т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен936684 722 105,6 361 381 105,5 323 341 105,6

Тарихы 1996 жылға дейін "Красный Восток" 386 деп аталған. 1963-1997 жылдары қызылша өсіретін "Кәлпе" кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, кітапхана, фельдшер пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдары аркылы қатынасады. Ауыл осы жерде туып-өскен, Қазақстан халық әртісі (1936) Қанабек Байсейітов есімімен аталады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қаратал ауданы елді мекендері