Сібір борщевигі — ұлттық асханаларда қолданылатын ірі шөптесін өсімдік. Саңырауқұлақты пайдаланбайтын елдерде кең тараған. Грузияда — корквета, армянша — бох, бохи. Жапырақтарынан қайнатқан сорпаның дәмі саңырауқұлақ сорпасындай болады. Жапырақ кесінділері салаттарға салынады. Маринадталған сабақ түптері екінші тағамдарға гарнир ретінде беріледі. Кейбір жерлерде осы өсімдіктен саңырауқұлақ дәмі бар көкөніс уылдырығын жасайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер