Қарабауыр бұлдырық () – бұлдырықтәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс.

Салмағы 300–400 г. Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде Қамыс-Самар көлінде, Бетпақдала шөлі мен Зайсан қазаншұңқырында, Кіші Азия және Солтүстік Африканың шөл далаларында мекендейді. Дене тұрқы 35 см, қанатының жайғандағы өрісі 70 см, құйрығының ұзындығы 11 см. Басы, мойнынның артқы жағы және кеудесі қызыл сұр түсті. Кеудесі мен бауырында қара немесе қара қоңыр түсті жолақтар анық көрінеді. Сирағындағы қауырсындары қоңыр сары түсті, тұмсығы көк түсті болады. Ұяны жеке салғанымен қарабауыр бұлдырықтар суатқа, жем жеуге топтасып барады. Қоразы мен мекиенін реңінен ажыратуға болады. Қарабауыр бұлдырық – жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасынан бастап ұшып келеді. Ұясы қарапайым, жерді шұңқырлайды да оған ештеңе төсемейді, кейде ұя салмай-ақ, басқа құстың ұясын пайдаланады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басында ұяға 3 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Бір маусымда екі, кейде үш рет балапан шығарады. Олар көбінесе шөлді аймақ өсімдіктерінің тұқымымен қоректенеді, кейде ұсақ жәндіктерді де жейді. Күзде үлкен топ құрып, қазан-қараша айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Үндістанда, аздаған бөлігі Қызылқұмда қыстайды деп есептеледі. Қарабауыр бұлдырықтың жылдан-жылға саны азайып келеді. Қазір олар Үстірт қорығы мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 200px|thumb|left thumb| Pterocles orientalis

Дереккөздер

Санат:Бұлдырықтәрізділер