Мотосағат (Моточас) — ұрыстық және көмекші шынжыр табанды машиналардың жүріс қорын есептеуге арналған, жұмыс істеу ұзақтығының өлшем бірлігі. Мотосағат арқылы шынжыр табанды машиналардың жөндеу аралығындағы мерзімі және оларға техникалық кызмет көрсетудің мезгілдері анықталады. Машиналарға қажетті жанар-жағармай мен басқа да материалдар 1 Мотосағатқа бекітілген шығын нормасына байланысты есептеледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс