Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9

Диалектизмнің бірнеше түрі бар: Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ); Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ; Лексикалық диалектизмдер: бойлай (унемі д. м.), бейсаубет (бет алды), жарын (келер жыл), рабайда (анда-санда), кун баю (кун бату), таға (нағашы), ашық-машық (топса), Лексикалық Диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді: Нағыз лексикалық Диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық Диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нусқау, әд. сым — шалбар мәнінде айтылады. Этнографиялық Диалектизм белгілі бір жерге тән тұрмыс-салттық мәні барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөнгелек үстел, әттік — қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Тағы қараныз: Диалект Диалектография Диалектология Диалог Лексика Дереккөздер

Санат:Лингвистика Санат:Қазақ тілі Санат:Грамматика Санат:Стилистика