Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем — бағыныңқы компоненті басыңқы компонентте баяндалатын іс-әрекеттің қалай болғанын, іске асу тәсілін білдіретін сабақтас сөйлем. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары: Бағыныңқы компоненттің баяндауышы көсемше тұлғалары (-п, -а/-е) арқылы жасалады. Мысалы: Бір мезгілде қараңғылықты қақ жарып, бір адам суға келді (С. Ерубаев). Бағыныңқы компоненттің баяндауышы -дай/-дей жұрнақты есімше арқылы жасалады. Мысалы: Кең бөлме бос қалғандай, ой ұясына қарап тұр (Ғ. Мүсірепов). Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика