Тура ату қашықтығы () — снарядтың (оқтың) траекториясы нысананың берілген биіктігінен аспайтын ең үлкен атыс қашықтығы. Снарядтың траекториясының тіктігі мен нысананың биіктігіне байланысты. Тура ату қашықтығының шегінде атыс көздеуіштің тұрақты қойылымында жүргізіледі. Ол қаруды көздеуді (әсіресе қозғалмалы нысаналарға атыс жүргізгенде) оңайлатып, тездетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс