Авуарлар ( мүлік, игілік)- шетелдік банкте шетелдік валюта, құнды қағаз және алтын түрінде сақталған банк қаражаты.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.ISBN 9965-808-89-9 Кең мағынада — әр түрлі активтер (ақша қаражаттары, чектер, вексельдер, аударылған ақша, аккредитивтер), солардың есебінен төлемдер төленеді және активтер иелерінің міндеттемелері өтеледі, тармағынада - банкінін шетел валютасындағы қаржысы (касса, басқа банкілердегі есепшоттар). Шектеу қойылмай қолданылатын еркін авуарлар, мемлекеттің немесе банктердің қарамағындағы шектелген авуарлар, сондай-ақ нақты пайдалану тәртібі бар авуарлар болып бөлінеді.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Дереккөздер

Санат:Қаржы