Саурық батыр ауылы — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан батысқа қарай 14 км-дей, округ орталығы - Жамбыл ауылынан солтүстікке қарай 7 км-дей жерде, Көкөзек өзенінің жағалауында, жусан, ши аралас бетеге, боз, селеу өскен сұр, бозғылт сұр топырақты сайлы-жыралы келген құрғақ далада орналаскан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен569585 610 104,3 298 293 98,3 287 317 110,5

Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін "Көкөзек" деп аталған. 1980-97 жылдары Жамбыл атындағы жылқы өcipy кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде ауылда бірнеше шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері