Тұншықтыратын улағыш заттар () — тыныс органдарын зақымдайтын тұрақсыз улағыш заттар тобы ( фосген, дифосген, хлорпикрин). Тұншықтыратын улағыш заттар тыныс жолдарына әсер етігі, тамақты күйдіріп, жөтелтеді, кеудені қысады. Бірінші кезекте өкпе альвеолы мен ұсақ тамырларының қабырғалары зақымданады. Ол қатты зақымданғанда өкпе қабынады., сөйтіп дененің оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады. Тұншықтыратын улағыш заттардың сонымен қатар жалпы улағыш әсері де бар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс