Шоғырландырылған атыс ( ) — 1) Артиллерияда бірнеше батарея мен дивизионның бір нысанаға немесе бір топ нысанаға атысы. Ол қарсыластың бір жерге орналасқан адам күшін, атыс құралдарын, қорын, т.б. нысаналарын жояды. 2) Ату кұралдарының — бірнеше пулеметтің, бір немесе бірнеше бөлімшенің бір нысанаға немесе қарсылас шебінің бір бөлігін атуы. Шоғырландырылған атысты қолданғанда қарсыласты жедел жоюға болады.
Шоғырлану ауданы Белгілі бір ұрыс міндеттерін орындауға арналған немесе оны орындағаннан кейін өскердің жиналуына арналған аудан. Өзеннен соғыса өтуде шоғырландырылған атыс өткелде әскердің жиналып қалмауы, бөлініп орналасуы мен өткелге ұйымдаса шығуына арналып белгіленеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс