Азаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері () - Азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен корғалатып мүдделерін қорғау, зандылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық, бұзушылыктың алдын алу.
Азаматтык сот ісін жүргізудің негізгі принциптері: зандылық; сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы; адамнын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта корғау; жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу; жеке өмірге қол сұғылмаушылық; меншікке қол сұғылмаушылық; судьялардың тәуелсіздігі; барлық адамдардың заң мен сот алдындағы тендігі; сот ісін жүргізу тілі; тараптардың айтысуы мен тең кұқықтылығы; дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау; куә болып жауап беру міндетінен босату; білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету; сотта істі қараудың жариялылығы; сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; сот актілерінің міндеттілігі; іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң