Фатих Дінисламов (1917 жыл, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Қарауыл) - жазушы.

Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан.

1933 жылы орталау мектепті бітіріп, Қызылордадағы «Ленин жолы» теміржол газетінде әдеби қызметкер болып істеді. Қызылордадағы кеңес саудасы техникумын бітірген. Алматыдағы журналистика институтында оқыды.

Шығармашылығы Көптеген өлеңдер, әңгімелер мен повестер жазды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Аудармалары А.С.Пушкиннің «Ұлы Петрдің Арапы» «Пугачевтың тарихы» атты прозаларын А.Н.Островскийдің «Орман» пьесасын А.П.Чеховтың біраз әңгімелері мен повестерін А.М.Горькийдің «Италия туралы ертегілерін» С.Маршактың «Мистер Твистер» поэмасын қазақ тіліне аударған. Кітаптары Намыс. Өлеңдер . А, ҚМКӘБ, 1944; Семсер. Өлеңдер. А; ҚМ КӨБ, 1948; Сырлы көл. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1950; Өнербек. Өлеңдер. А, ҚМКӘБ, 1953; Ұшқын. Повесть. А., ҚМ КӨБ. 1954; Күшік пен мысық. Балаларға арналған өлеңдер. А., ҚМ КӨБ., 1959; Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Қайсысын қалайсың? Балаларға арналған әңгімелер. А., ҚМ КӨБ. 1961; Аю мен бала. Балаларға арналған әңгімелер, ертегілер. А., ҚМКӘБ, 1961; Аю мен бала. Балаларға арналған әңгімелер, ертегілер. А., ҚМ КӨБ, 1963; Әбілхан Қастеев. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1964; Қоқиланған қораз. Ертегі. А., «Жазушы», 1965; Көл жағасында. Повесть. А., «Жазушы», 1966.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:1917 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:Қазақстан жазушылары