Библиографиялық сипаттама құрастыру – құжат туралы библиографиялық мәліметтерді белгіленген ереже бойынша тауып ретке келтіру. Библиографиялық сипаттаманы құру барысында: басылымды талдау; библиографиялық мәліметтерді табу; сипаттау элементтерінің қажетті жиынын анықтау.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3

Библиографиялық сипаттамада редактордың аты оның қызметін көрсететін белгімен берілуі мүмкін: ұжымдық монографияның орыс тіліндегі сипаттамасының үлгісінде «под ред.» тіркесі қолданылады.Оформление монографии по ГОСТ: выходные данные и библиография // Кандидат Про (орыс тілінде). APA стилінде редакторлық рөл «Ed.» немесе «Eds.» белгілерімен көрсетіледі.Reference List: Books // Purdue OWL (ағылшын тілінде).

Дереккөздер

Санат:Ғылымтану Санат:Терминология