Сайымжан Еркебаев - 1935 жылы 30 тайызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданына қарасты Қурайлысай ауылында туған. 1960 жылы Алматы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Біраз уақыт Доссор кәсіпшілігіндегі мектеп-интернат пен Тайпақ ауданының Талап мектебінде неміс тілінен сабақ берген. 1967 — 1971 жылдары Қазақ радиосының әдебиет редакциясында редактор және бөлім меңгерушісі, 1971 — 1974 жылдары Өзен геологиялық-барлау экспедициясында жұмысшы, 1974 — 1977 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлық коллегия редакторы, 1977 — 1980 жылдары республикалық кітап саудасы бірлестігінің жарнама және насихат бөлімінде редактор. «Жұлдыз» журналында, «Кітап жартысында», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Парасат» журналында істеді.
М.Е.Салтыков-Щедриннің «Бір мұжық екі генералды қалай асырады» ертегілерін, Отто Шнайдерайттың «Иоганн Штраус және көрікті көгілдір Дунайдағы қала» деректі повесін, тағы басқа туындылар ды қазақ тіліне аударған. Шығармалары Алғашқы адым. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Жолдар мен шақырымдар. Роман. А.,»Жалын», 1976; Жарылған бүр. Повестер. А., «Жалын», 1979; Ауыл кештері. Повесть және әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Менің Қожанәсірім келді де... Әзіл, оспақ. А., «Жазушы», 1983; Жел әгінде. Шығармалары. А., «Жазушы», 1993Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Батыс Қазақстан облысы Санат:1935 жылы туғандар