Қансейiт Әбдезұлы (6 маусым 1953 ж.т., Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2002), профессор, Қазақстан ҒА академигі.

Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан. ҚазМУ-дың филол. ф-тiн (1975, қазіргі ҚазҰУ), осы ун-ттiң аспирантурасын бiтiрген. Өзiнiң ұстаздық еңбек жолын осы ун-тте оқытушы ҚР Білім және ғыл. мин-лігінiң жоғары бiлiм беру басқармасында бөлiм бастығы Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында доцент, кафедра меңгерушiсi, филол. ф-тiнiң деканы ҚазҰПУ-да оқу-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi проректор қызметтерiн атқарды. ҚазҰУ-дың филол. ф-тiнiң деканы. Ғылыми еңбектері

«60–80-жылдардағы қазақ прозасы және Т.Әлiмқұлов шығармашылығы» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Қазақ әдебиетiнiң тарихына арналған бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. «Кейiпкер және тартыс» (1995) «Т.Әлiмқұлов және қазақ прозасы» (2000) «Т.Әлiмқұлов және 60–80-жылдардағы қазақ әдебиетi» (2001) «Әдебиет және өнер» (2002–03) атты зерттеу «Жазушы және заман шындығы» «Тарих және тағдыр» (2004) атты сын мақалалар жинағы жарық көрдi.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:6 маусымда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Төле би ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары