Экономикалық теория — күрделі қоғамдық жəне əлеуметтік əрі гуманитарлық ғылым. Оның зерттеу аясында, біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктері жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мəселелер қаралады. Экономикс — барлық экономика ғылымдарының жетістіктерін жинақтайтын, бизнес заңдарын және оларды іске асыру тетігін, шаруашылықты жүргізу әдістерін, экономикалық саясатты, экономиканың кез келген саласындағы практикалық қызметтің проблемалары мен қарама-қайшылықтарын ашатын ғылыми пән.
Дәлірек айтқанда, экономикс — шектеулі ресурстар дүниесінде адамдардың материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді көрсету, бөлу және тұтыну барысындағы мінез-құлқын зерттеу. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқу лық/ А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов – 2-бас., өңд. жəне толықт. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 416 б.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Дереккөздер
Санат:Экономика