Құқық теориясында - ұйымның, мемлекеттік органның, лауазымды тұлға мен азаматтың іс жүзіндегі қызметінде құқық нормаларын ендіру, жүзеге асыру.

Құқықты жүзеге асыру нысандары: сақтау (құқықпен тыйым салынған әрекеттерді жүзеге асырудан сақтану); орындау (жағымды әрекеттерді жасау жолымен құқықта қарастырылған міндеттерді белсенді орындаудан тұрады); пайдалану (қатысушылардың нормада қарастырылған өз құқықтарын реттелетін қоғамдық қатынастар құқығын жүзеге асыруы арқылы көрінеді); құқық нормасын қолдану (нақты субъектілерге бағытталған құқықтық талаптарды жүзеге асыратын мемлекеттің ұйымдастыруы арқылы көрінеді) болып табылады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң