Қайнар — Алматы облысы Қарасай ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан батысқа қарай 14 км жерде, бұта аралас бетеге, еркекшөп, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауалдының сайлы-жыралы келген құрғақ жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15261359 1842 135,5 657 907 138,1 702 935 133,2

Тарихы 1969-1997 жылдары Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИның "Бірінші Мамыр" тәжірибе шаруашылығының бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қайнарда фермерлік шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері