Түйетәрізділер () - жұптұяқтылар тұкымдасы.

Түйетәрізділер Солтүстік Америкада пайда болып - кейінгі эоценнен бастап голоцен дәуірінен белгілі. Ерте плиоценде Шығыс жартышарға көшіп - ерте плейстоценде Оңтүстік Америкаға ауысады. Аяқтары екі саусақты - бүйір саусақтары - (қазбалы түрлерінен басқа) толығымен редукцияға ұшыраған- үшінші және төртінші табан сүйектері бірігіп кеткен; саусақпен жүргіш жануарлар. Үстіңгі ерні екіге бөлінген. Асқазаны күрделі- («күйіс қайтаратын»), Эритроциттері сопақтау - (сутқоректілердің ішіндегі жекелеген жағдай). Қазіргі уакытта 2 туысы кездеседі: түйелер және лама.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Сірітабандылар