Ағынықатты – Лепсі өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Жетісу облысының Сарқан ауданы жерімен ағады.
Бастауы Жетісу Алатауының Жаман Қоңыртас тауындағы мұздықтан басталып, Лепсі ауылы тұсында Лепсі өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 54 км. Су жиналатын алабы 708 км2. Жылдық орташа су ағымы 12,1 км3. Жоғарғы бойында табиғаты көрікті тар шатқалмен ағады, арнасы тар, ағыны өте қатты. Ағынықатты желтоқсанда қатып, сәуірдің бас кезінде мұзы ериді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш су алабы Санат:Сарқан ауданы өзендері