Коммерциялық банк ғимараты - Оралдағы тарихи және архитектуралық ескерткіш. Іргесі 1896 ж. қаланған. Н.Назарбаев даңғылы мен С.Есқалиев көшесінің қиылысында. Үш қабатты ғимараттың архитекторы — А.Бунькин. Революцияға дейін бұл ғимарат коммерциялық дүкеннің қарамағында болып, кейіннен мұнда жергілікті кеңес оргаңдары орналасқан. 1919-20 ж. Орал облысы рев. к-ті орын алды. Қазіргі уақытта тарихи ғимарат мемлекет қамқорлығына алынған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер