Қараөзен — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қараөзен ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан шығысқа қарай 60 км-дей жерде, Қараөзеннің сол жағалауындағы бетеге, боз, т.б. өр түрлі шөптер өскен шалғынды қоңыр, сортаңдау қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 909 адам (426 ер адам және 483 әйел адам) болса, 2009 жылы 821 адамды (416 ер адам және 405 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1035 адамды (543 ер адам және 492 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1966-97 жылдары «Қараөзен» қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қараөзенде және округке қарасты Жас, Құлақ, Серік ауылдарында 10 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы елді мекендері