Үй тышқаны, қаптесер () - тышқан туыстасына жататын сүтқоректі жануар.

Дене ұзындығы 11 см дейін, салмағы 12 – 25 г; құйрығы қысқа. Арқа түгі қоңыр немесе сарғыш сұр, құрсағы сұр немесе ақшыл, кейде сарғыш түсті болады.

Тұрғын үйлерде, салынып жатқан құрылыстарда мекендейді, егістік алқаптарда, далалық жерлерде тіршілік етедіҚазақстан Энциклопедиясы.

Дүние жүзінде кең таралған. Шыққан ареалы, Солтүстік Африка, Еуразияның тропиктері мен субтропиктері; адаммен бірге, жоғарғы таулы аймақтар мен белдеулерден басқа барлық жерлерге тараған. Қазақстанда биік таулардан басқа барлық жерде кездеседі. 15 түр тармағы, (кейде оларды 2 түрге жатқызады) ТМД-да, барлық жерде тараған Соңғы он жылдықта Солтүстік және Шығыс Сібірді, ал Африкада тропикалық аймақтарға таралуда. Далалы аймақтан солтүстікке қарай адамдар мекенінде кездеседі. Қатал иерархияға бағынған жанұямен тіршілік етеді. Түнде және ымыртта белсенді.

Табиғи жағдайда өсімдік дәнімен қоректенеді; үйде - талғамсыз қоректілер. Жылына бірнеше рет көбейеді, ұрпақтарының саны 5-7. Бір қатар инфекциялық аурулардың тасымалдаушылары болып саналады. Туляремия, оба қоздырғышын, гельминт, кепе, т.б. паразиттерді таратады. Зертханалық жануарлар, (әсіресе ақ үй тышқаны, альбинос). Кей жағдайда генетикалық тәжірибелер жасауға пайдаланады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Кеміргіштер Санат:Модельдік ағзалар Санат:Тышқандар Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар