Күзгі істік тұмсық қара шыбын - нағыз шыбындар тұқымдасы. Денесі 5,5-7 мм, кен таралған. Күзге қарай шыбын саны өсіп, жануарларды қатты мазалайды. Өсімталдығы 300- 400 жұмыртқа. Жұмыртқаларын 20-25 топтастырып, көңге салады. Қансорғыш насеком. Мал қоралары мен үйлерге жиналады. Олар аса кауіпті ауру қоздырушыларын, (сібір жарасы, туляремия, трипоносомоздар) тасымалдайды.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қосқанаттылар