"Қандыкөз мамыт-үрбике"- дастан. Авторы халық ақыны Иманжан Жылқыайдаров. Шығармаларының екі нұсқасы бар. Бірі автордың өз қолымен жазып тапсырған нұсқа да, екіншісі - Қарағандылық О.Шоновтың Иманжанның өз аузынан жазып алған нұсқасы. Дастанда Ноғайлы елінің басшысы Мамыттың Үрбике қызға үйлену жайынан сыр шертіледі. Екі нұсқа да 11 буынды қара өлең үлгісінде құрылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбалары Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әдебиеті