Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева (1.1.1945 жылы туған, бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1999).

Өмірбаяны Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1968). 1968–1973 жылы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант, 1973–1986 жылы кіші ғылыми қызметкер, 1986–1993 жылы ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1993 жылдан аға ғылыми қызметкер. 1998 жылы «Қазақтың дастандық эпосы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9

Шығармалары Казахские народные романтические дастаны, А., 1990; Казахский дастанный эпос, А., 1998. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. 1 - 4 т. (ертегілер). А., 1988 - 89 (құрастырушылардың бірі), 13 - 14 т. (дастандар) а., 1990 (құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған);“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Әзібаева Бақытжан Уәлиқызы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Мәтінтану және деректану» бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Айман – Шолпан: ескі эпосқа жаңа көзқарас

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Астанада туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Ташкент мемлекеттік университеті түлектері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлері Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер