Қодан-тайшы (Қотан, Қотанбай, Қодан-би) (1325 - 1410 ж. кейін) - би, ақын, жырау және арғын руының басшысы.
Өмірбаяны Белгілі ақын және би. Ноғай эпостарында ол Қотан Арғынұлы жырау деп аталады. Қазіргі заманғы ірі қазақ тайпасы арғындардың түп атасы болып саналады.
Жақсылық Сәбитовтың айтуынша, XIV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында дүниеге келген арғын Қотан-тайшы Алтын Орда хандары Жәнібек хан, Ұрыс хан және Тоқтамыс хандардың тұсында арғын тайпасының ұлысбегі қызметін атқарған.
Ұрыс ханның билігі кезінде Қотан бастаған арғындар оған бағынышты болды, ал Ұрыс ханның Тоқтамыспен қақтығысы кезінде арғындар Тоқтамыстың жағына ауысады. Бұған себеп болған Ұрыс ханның арғындарды қыспалағаны делінеді. Жазбаша және ауызша дереккөздерге сәйкес, Тоқтамыстың ең жақын серіктерінің ішінде Қотанның ұлы Дайыр-қожа және Дайыр-қожаның ұлы Қара-қожа болған.
Шежіре деректері бойынша, Қобланды-батыр Қодан-тайшының ұлы Дайыр-қожаны шамамен 1410 жылы өлтірген. Қайғыға батқан әкесі қайтыс болған ұлына арнап жоқтау әнін жазған, бұл жоқтау кейіннен қазақ ұлтының мәдени мұрасына айналады. Жоқтаудан үзінді:
Кодан Дайырқожа қайтыс болған кезде сексен мен тоқсан жас аралығында болғанын айтады. Қодан тайшы шамамен 1410 жылдан көп ұзамай қайтыс болған.Ж. Сабитов, А. Каратаев. О ПРОИСХОЖДЕНИИ И ИСТОРИИ ПЛЕМЕНИ АРГЫН // Отан тарихы: «журнал».— 2026.— Январь(№ 29).— С. 118—131.— ISSN (Online) 2788-9718 (Online)
Ұрпақтары Шежіре бойынша, қазақ арғындары Қодан тайшы мен оның ұлы Ақжол биді (Дайырқожа) өздерінің ең түпкі ата-бабалары деп санайды. Генетикалық және тарихи деректер бұл ақпаратты растайды. Ақжолдың екі ұлы болған: Қарақожа (одан Қуандық, Бегендік, Сүйіндік және басқа да кіші рулар тарайды) және Сомдық (одан - Тоқал-арғындар немесе кіші Арғындар).Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики The Russian Journal of Genetic Genealogy. Volume 4, No 2 (2012)/Volume 5, No 1 (2013). C. 29-47.
Дереккөздер
Санат:Қазақ руларының арғы бабалары Санат:Алтын Орда билері